Бізге жазылыңыз:

Қарашығанақтағы газ өндірісі тәулігіне 9 мың тоннаға қысқарды

Қарашығанақтағы газ өндірісі тәулігіне 9 мың тоннаға қысқарды

Қазақстан Қарашығанақ кен орнындағы газ өндіру көлемін уақытша қысқартты. Бұған Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған дрон шабуылынан кейін газ қабылдау көлемінің төмендеуі себеп болды.

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қарашығанақтағы тәуліктік газ өндіру көлемі 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін азайтылған.

– Газ қабылдау көлемінің қысқаруына байланысты Қарашығанақ кен орнында өндірісті тәулігіне 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін төмендетуге мәжбүр болдық. Яғни өндіріс көлемі 9 мың тоннаға қысқарды, – деді Ерлан Ақкенженов.

Сонымен қатар министр өндіріс көлемінің азаюы елдің ішкі газ нарығына әсер етпегенін атап өтті.

– Қазақстанды газбен қамтамасыз ету бойынша ешқандай іркіліс жоқ. Қазіргі уақытта ішкі нарық алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде орындалып жатыр, – деді ведомство басшысы.

Ұқсас материалдар