
Қарағанды облысында 2027 жылдың соңына дейін өндірістік алаңдардың электрмен жабдықтау қуаты едәуір артады. Бұл мақсатқа шамамен 60 млрд теңге көлемінде инвестиция қажет.
"Сарыарқа" АЭА аумағында қуаттылық 220 МВт-тан 779 МВт-қа дейін өседі. Бұл жобаға 39 млрд теңге қажет. Ал Saran индустриялық аймағында қуатты 160 МВт-қа дейін арттыру жоспарланған. Оның құны — 20 млрд теңге. Қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.