
— 2024 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда ең жоғары орташа айлық жалақы өсімі келесі салаларда тіркелді: ақпарат және байланыс — 24%, ауыл, орман және балық шаруашылығы — 23,7%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау — 16,9%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу — 16,1%. Денсаулық сақтау және білім беру салаларында орташа айлық жалақы 7,8%-ға өсті, — делінген Ұлттық статистика бюросы хабарламасында.
Аймақтық тұрғыда 2025 жылдың екінші тоқсанында орташа атаулы айлық жалақының ең жоғары өсімі Жетісу облысында — 18,4%, Астана қаласында — 15,4%, Алматы қаласында — 15,3%, Алматы облысында — 14,6% және Қарағанды облысында — 14% болды.