
Қазақстан экономикасын әртараптандыру және отандық өндірушілерді қолдау аясында америкалық John Deere компаниясы ауыл шаруашылығы техникасын Костанай қаласындағы Agromash зауытының локализациялау орталығында шығаруды бастайды. Бұл туралы Primeminister.kz хабарлайды.
Өткен жылы Қазақстан импортталған тракторлар мен комбайндарды субсидиялаудан бас тартып, отандық өндірісті қолдауға көшті. Бұл ауыл шаруашылығы техникасын ел ішінде локализациялауға бағытталған маңызды қадам болды.
John Deere – әлемдік ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші жетекші компания. Компанияның өндірісін Қазақстанда іске қосу еліміздегі ауыл шаруашылығы паркін жаңартуды жеделдетуге мүмкіндік береді. Фермерлер жергілікті жағдайға бейімделген жаңа техниканы сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, фермерлер отандық техниканы қолжетімді шарттармен сатып алу үшін мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдікті лизинг бағдарламасын пайдалана алады. Биыл 3,2 мың фермер жаңа техниканы осы бағдарлама арқылы жаңартуға мүмкіндік алады.
Agromash зауытының президенті Динара Шукижанова атап өткендей, John Deere компаниясымен ынтымақтастық елдегі саяси және экономикалық реформалар нәтижесінде мүмкін болды. Жаңа технологияларды енгізу мен жоғары білікті кадрларды даярлау арқылы жұмыс орындары ашылады.
Жақын жылдары үш заманауи сервис орталығы салынып, олар агропромышленный кешенді цифрландыру мен тиімділігін арттыру бойынша маңызды алаңдар болады.
Бұл жоба Қазақстанның ауыл шаруашылығы машина жасау саласын дамыту мен инновациялар енгізу үшін маңызды қадам болып табылады.