ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда IT-компаниялар 2024 жылы 1,5 триллион теңгеден астам қызмет көрсетті

2024 жылы Қазақстандағы IT-компаниялар 1,5 триллион теңгеден астам қызмет көрсетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 36%-ға артық. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, ең көп қаражат бағдарламалық кодты әзірлеу және тестілеу қызметтеріне жұмсалды — 684 миллиард теңге. Сондай-ақ, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау қызметтеріне 112 миллиард теңге, компьютерлік технологиялар бойынша кеңес беру қызметтеріне 105 миллиард теңге бағытталған.
Дереккөзі: 24.kz