Бізге жазылыңыз:

Ипотекалық облигациялар лимиті 1,7 трлн теңгеге дейін өсті

Қазақстанда жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды қаржыландыруға арналған субсидияланатын облигациялар көлемі едәуір артады. Тиісті өзгерістерді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру үшін шығарылатын облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына енгізді.

Жаңартылған тәртіпке сәйкес, облигациялар шығару арқылы тартылған қаражат халыққа қолжетімді ипотекалық несиелер беруге бағытталады.

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін ипотекалық несие мөлшерлемесі жылдық 7% деңгейінде сақталады. Ал кезекте тұрған өзге азаматтар, сондай-ақ Қазақстан азаматтары мен қандастар тұрғын үй несиесін жылдық 9%-бен рәсімдей алады.

Қағидалардағы негізгі өзгерістердің бірі – субсидияланатын облигациялар көлемінің ұлғаюы. Енді олардың жалпы сомасы 1,7 трлн теңгеден аспауы тиіс.

Бұған дейін облигацияларды субсидиялау бірінші жылы 300 млрд теңгеге дейін, ал кейінгі жылдары 200 млрд теңгеге дейінгі көлеммен шектелген болатын.

Сондай-ақ жаңа талаптарға сәйкес облигациялардың айналым мерзімі сегіз жылдан аспауы керек. Купондық сыйақы мөлшерлемесі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінен жоғары болмауға тиіс. Дегенмен уәкілетті органның келісімімен бұл көрсеткішті облигациялар орналастырылған күні немесе қосымша орналастыру кезінде 1,5 пайыздық тармаққа дейін арттыруға мүмкіндік беріледі.

Өзгерістер субсидиялау туралы келісімдердің, субсидия алуға арналған өтінімдер мен ұсыныстардың нысандарына да енгізілді.

Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Ұқсас материалдар