ЖАҢАЛЫҚТАР
Инвесторлар тізіліміне жалпы құны 7 трлн теңге болатын 250 жоба енгізілді

- Абай және Ақмола облыстарында бекітілген өңірлік инвестициялық жобалардың пулдары мүлде болмаған. Бас прокуратураның ұсынысы бойынша бұл кемшіліктер жойылды.
Инвесторлар тізіліміне 7 трлн теңгеге 250 инвестициялық жоба енгізілді, өңірлік пулға қосымша 290 жоба енгізілді, - делінген бақылаушы органның ақпаратында.
Сонымен қатар 136 өзектілігін жоғалтқан жоба тізілімнен алынып тасталды.
Жол берілген заңбұзушылықтар үшін мемлекеттік органдардың 6 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, Абай облысында 200 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік келісімшарт жасалған.