Бізге жазылыңыз:

Халықты жұмыспен қамту бағытында аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесі енгізіледі

Халықты жұмыспен қамту бағытында аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесі енгізіледі
Жалпы, орталық мемлекеттік органдардың, өңір әкімдіктері мен бизнестің өзара үйлесімді, бірлескен жұмысы қажет. Осыған байланысты мынадай тапсырмалар беремін. Біріншіден, Еңбек министрлігі облыс әкімдерімен бірлесіп, өңірлік жұмыспен қамту карталарында көзделген еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Өңір әкімдері тұрақты жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, жұмыспен қамту жоспарларының орындалуын жеке бақылауға алсын, — деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар ол Ұлттық экономика министрлігі салалық мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 2025-2027 жылдары іске асырылатын жобалар бойынша барлық деректі мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етуін тапсырды.

— Сондай-ақ келесі жылдың басынан бастап халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесін енгізу қажет. Бұдан бөлек, Цифрлық даму министрлігі жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен бизнестің деректерін біріктіріп, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша бірыңғай цифрлық жүйені қалыптастыруға тиіс, — деді Үкімет басшысы.

Ұқсас материалдар