
Halyk Bank директорлар кеңесі 2024 жылға арналған қарапайым акция үшін 29,64 теңге көлемінде дивидендтер төлеуді ұсынды. Төлемдер 2025 жылғы 22 мамырдан бастап жүргізіледі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша банктің таза пайдасы 920,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,8%-ға жоғары. Қалған кіріс бөлінбеген таза кіріске жіберіледі, ал 2025 жылдың екінші жартыжылдығында қосымша дивиденд төлеу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2025 жылғы 30 сәуірде өтеді.