Бізге жазылыңыз:

Google Gemini моделі қазақ тілін іске қосты

Google Gemini моделі қазақ тілін іске қосты

«Бұл – ең озық саналатын ЖИ-моделінің тілдік қолдауын кеңейтуге бағытталған жаһандық бастаманың бір бөлігі. Қазақ тілі Gemini 3 буынын іске қосу аясында қосылған 23 жаңа тілдің қатарына енді. Бұл Қазақстандағы пайдаланушыларға Gemini мүмкіндіктерін әлемдегі ең ірі тілдермен тең дәрежеде, өз ана тілінде қолдануға мүмкіндік береді», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Gemini-дің қазақ тіліндегі интерфейсі веб-нұсқада қолжетімді. Ол үшін пайдаланушылар Google аккаунтының баптауларында қазақ тілін таңдауы қажет. Алдағы уақытта Android және iOS жүйелеріне арналған нұсқаларды қолдау, сондай-ақ Gemini Live сервисін іске қосу жоспарланып отыр.

Google Gemini – Google компаниясының жасанды интеллектке негізделген ірі тілдік модельдер отбасы. Ол мәтін, сурет, код және деректермен жұмыс істей алады, яғни мультимодалды мүмкіндіктерге ие.

ChatGPT, Midjourney, Gemini  тәрізді ЖИ моделдері дамыған сайын тұтас мамандықтар жоғалады деген болжам бар.

Ұқсас материалдар