
Халықаралық Fitch агенттігі Bereke Bank (Lesha Bank LLC еншілес банкі) рейтингін "B+" деңгейінде, болжамын – «Тұрақты» деп бекітті.
Агенттік банктың тұрақты жұмысын және өзгермелі экономикалық жағдайларға бейімделу қабілетін атап өтті.
2024 жылы банктың жаңа акционері – Катарлық Lesha Bank LLC болды. Бұл халықаралық серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік берді. Банк өз стратегиялық тәуелсіздігін сақтап қалды.
Банк көрсетіп отыр:
– ай сайынғы тұрақты пайда
– несиелік қоржынның сапасы
– өтімділіктің жоғарылауы
– халық пен бизнестің сенімі мен депозиттер көлемінің артуы
Bereke Bank – Қазақстандағы ірі қаржы ұйымдарының бірі ретінде тұрақты даму қарқынын жалғастырып келеді.