Бізге жазылыңыз:

Ет бағасы келесі жылы да қазіргі деңгейде сақталу керек – Айдарбек Сапаров

Ет бағасы келесі жылы да қазіргі деңгейде сақталу керек – Айдарбек Сапаров
- Ет бағасы туралы осыған дейін де айттық. Сыртқы нарықта сұраныс артып, іште баға біраз көтерілді. Қазір тұрақтанып қалды. Бүгін таңдағы статистика бойынша 1 килограмм еттің орташа бағасы 3 249 теңге болып тұр. Кеше дүкендер мен базарларға мамандарды жібергем. Қолымда тіпті суреттері де бар. 3500-3600 теңгеден сатылып жатыр. Иә, кей жерде 4300-5000 теңгеден де сатып тұр. Бірақ бұл «премиум-санатқа» жататын, сүйексіз сылып алып сататын ет. Жалпы орташа баға тұрақты. Әзірге осы деңгейде сақталады, - деді ол.
Министр келер жылға болжам айтудан тартынғанымен, қазіргі деңгейді сақтауға толық мүмкіндік бар екенін жеткізді.

- Келесі жылға алдын ала болжам жасамай-ақ қояйық. Осы деңгейде сақтауға тырысамыз. Өйткені тірі малды сыртқа шығаруға тыйым салғанбыз. Еттің өзін лимитпен квота арқылы шығарып отырмыз. Сондықтан мәселе туындамау керек, - деді Айдарбек Сапаров.

Ұқсас материалдар