Бізге жазылыңыз:

Emirates SkyCargo Алматыға алғашқы жүк рейсін орындады

Emirates SkyCargo Алматыға алғашқы жүк рейсін орындады

Алматы халықаралық әуежайына Дубайдан алғашқы жүк рейсі келді. Осылайша Қазақстан мен Таяу Шығыстағы ірі логистикалық хабтардың бірі арасындағы жаңа әуе жүк бағыты іске қосылды.

2026 жылғы 16 маусымда Emirates SkyCargo компаниясы Boeing 777F жүк ұшағымен Дубай – Алматы бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады. Алматы әуе компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағытына айналды.

Жаңа бағыттың ашылуына орай әуежайда салтанатты рәсім ұйымдастырылып, ұшақ авиациядағы дәстүр бойынша су доғасымен қарсы алынды. Әуежай қызметкерлері экипаж мүшелерін құттықтап, символикалық тұсаукесер рәсімін өткізді.

Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша жүк рейстері аптасына бір рет, әр сейсенбі күні орындалады. Компания аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Жаңа бағыт электроника, тез бұзылатын өнімдер, өнеркәсіптік жабдықтар және тұтыну тауарлары сияқты әртүрлі жүк түрлерін тиімді тасымалдауға жол ашады. Сонымен қатар қазақстандық экспорттаушылар мен импорттаушылар Emirates-тің Дубайдағы халықаралық логистикалық хабы арқылы жаһандық нарықтарға қол жеткізе алады.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа жүк бағыты Алматының Орталық Азиядағы ірі көлік-логистикалық орталық ретіндегі позициясын күшейтіп, Қазақстанның халықаралық жеткізу тізбектеріне интеграциясын арттырады.

Сондай-ақ бұл жоба Қазақстан мен Парсы шығанағы елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді.

Ұқсас материалдар