
Бірінші — «Слободка» ауданынан Қорғалжың тас жолы бойындағы қолданыстағы коллектор ойымына дейін кәріз коллекторын төсеу үшін дәліз.
Екінші — Қорғалжың тас жолы ауданында жылумен жабдықтау магистралды желісі.
Үшінші — Керей-Жәнібек хандар мен Орал көшелерінің қиылысы ауданында Жоғары аудиторлық палата ғимараты.
Төртінші — Тоқпанов көшесі ауданында мектеп.
Бесінші — ИП-8 көшесінен А-234 көшесіне дейінгі учаскеде электр тарту желісі дәлізі.
Алтыншы — Астана-Қарағанды тас жолы ауданында логистикалық парк, — деді Астана қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ануар Саипов.
Оның атап өтуінше, жер учаскелерінің иелері өтемақы сомасын білді. Осы ретте депутаттар басқарма ұсынысты қолдап дауыс берді.