
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылдан бастап Қазақстанда балалардың әл-ауқат индексі енгізілді. Бұл көрсеткіш өңірлер арасындағы нәтижелерді және халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның назарын балалық шақ мәселелеріне аударады, - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
Индекс төрт бағыт бойынша 56 көрсеткіштен қалыптасады: «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат» және «Елдің әл-ауқаты». Ол 35 статистикалық және 21 сауалнамалық деректерге негізделген.
Көрсеткіштер бала денсаулығы мен дамуын, отбасылық және әлеуметтік ортаны, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, экология және инфрақұрылым салаларындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтиды.