Бізге жазылыңыз:

Елімізде сарбаздарға кредит беруге тыйым салу механизмі әзірленді

Елімізде сарбаздарға кредит беруге тыйым салу механизмі әзірленді
қағидаларына өзгерістер енгізілді. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысына сәйкес, аталған жоба 2025 жылғы 30 маусымдағы «Қаржы нарығын дамыту, қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқығын қорғау, байланыс саласы және артық заңнамалық реттеуді жою мәселелері бойынша Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында дайындалды. Аталған заңда мерзімді әскери қызмет өтеу кезінде әскери қызметшілерге банктен кредит және микрокредит беруге тыйым салу қарастырылған.

Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюро арасындағы мерзімді әскери қызметшілер туралы мәліметпен алмасу тәртібі регламенттеледі. Ол мәлімет жеке тұлғаның кредиттік есебіне енгізіледі.

Сондай-ақ, жобада кредиттік есепте әскери қызмет өтеп жатқандығы туралы ақпарат болған жағдайда, банк пен микроқаржы ұйымдарының азаматқа несие беруден бас тарту міндеті қарастырылған.

Мемлекеттік органдар мен кредиттік бюро арасындағы өзара әрекеттесу тәртібі толықтырылды. Енді банк қарыз шарттары немесе микрокредит беру шарты бойынша төлемді кейінге қалдыруды тоқтату және сыйақы есептеуді қайта бастау барысында әскери қызметке шақырылғандар туралы мәліметті кредитордың алу тәртібі енгізілді.

Кредитор банк қарыз немесе микрокредит бермес бұрын әскерге шақырылатын жастағы азаматтың кредиттік мәртебесін тексереді. Егер ол мерзімді әскери қызметшінің мәртебесіне ие болса, несие берілмейді.

Ал мерзімді әскери қызметтен босатылған жағдайда (оның ішінде қызмет мерзімі аяқталмай тұрып босатылса) кредиттік бюро азаматтың мәртебесін кредиттік есептен алып тастайды.

Ұқсас материалдар