Бізге жазылыңыз:

Елімізде үш ай бойы жұмыссыз жүргендер бақылауға алынады

Елімізде үш ай бойы жұмыссыз жүргендер бақылауға алынады
Бұл туралы Үкімет қаулысында айтылған.Бұл шешім жеңілдігі бар азаматтарды нақты есепке алу және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қабылданған. Барлық дерек МӘМС жүйесіне жіберіледі.

Мәліметтер тек қазақстандықтар бойынша емес, шетел азаматтары, оның ішінде ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы туралы да жинақталады. Тізімге жұмыссыз ретінде тіркелгендер, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін ата-аналар, І топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын азаматтар, зейнеткерлер мен ардагерлер кіреді.

Жұмыс істемейтін азаматтар туралы мәліметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Отбасының цифрлық картасы», «Еңбек нарығы», «Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер базасы» және «Төлемдерді өңдеу ұйымы» жүйелері арқылы жинайды.

Ұқсас материалдар