— Елімізде электр энергиясын өндіру мен тұтыну көлемі арасындағы алшақтықты қысқартудың тұрақты үрдісі байқалады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда алшақтықтың төмендегенін көрсетеді: 2023 жылы — 2,2 млрд кВт/сағ, 2024 жылы — 2 млрд кВт/сағ, 2025 жылы — 1,5 млрд кВт/сағ, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ 2026 жылдың 9 наурызындағы жағдай бойынша 25,8 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндіріліп, оның 25,7 млрд кВт/сағ тұтынылған.
Жалпы, еліміздің оңтүстік аймақтарында электр қуаты жетіспеушілігі байқалады. Министрліктің мәліметінше, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары энергия жүйесінің тапшылығына неғұрлым бейім. Өйткені, энергия көздерінің басым бөлігі солтүстік және батыс облыстарда.
— Оңтүстік аймақта электр энергиясының жетіспеушілігі солтүстік аймақтан жеткізу арқылы қамтамасыз етіледі, — делінген ресми жауапта.





