Бізге жазылыңыз:

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді
Қазақстанда зейнетақы жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттырудың маңызды құралы саналады. Бұл жарналар қызметкердің жалақысын кемітпей, толығымен жұмыс беруші тарапынан аударылады.
 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл норма әрбір жұмыс істейтін азаматтың, әсіресе жас ұрпақтың, сенімді қаржылық қорын қалыптастыру мақсатында енгізілді.

Қазіргі уақытта зейнетақы төлемдері үш көзден қалыптасады: мемлекеттік базалық төлем, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) шотындағы жеке жинақтар және жұмыс берушіден келетін қосымша жинақтаушы жарналар.

Осы механизм қызметкерлерге өмір бойы қосымша зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған азаматтар үшін маңызды, себебі олардың зейнетақы капиталы жүйеге тұрақты аударымдар мен қатысудан тәуелді.

2026 жылдан бастап жұмыс берушілердің жарна мөлшері қызметкердің табысының 3,5%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен өсіп, 2028 жылға қарай 5%-ға жетеді.

Жүйенің тиімділігі биылғы жылы да байқалып отыр. 2026 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша жұмыс берушілер 5,8 миллион қызметкерге қосымша зейнетақы құқығын қамтамасыз етті. Жыл басынан бері азаматтардың шоттарына 951 миллиард теңге аударылған. 

Сонымен бірге мемлекет бизнес мүддесін ескеріп, салық кодексіне сәйкес жұмыс берушілердің ЖМЗЖ төлеуге жұмсаған шығындары корпоративтік табыс салығын есептегенде шегеріледі. Бұл шара жұмыс берушілерді әлеуметтік жауапкершілікпен қарауға және қызметкерлердің болашағына назар аударуға ынталандырады.

Ұқсас материалдар