ЖАҢАЛЫҚТАР
Елімізде 2030 жылға дейін 660 мегаваттық жаңа cу электр станциялары іске қосылады
Жасалған келісімшарттарға сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін жалпы қуаты шамамен 660 МВт болатын жаңа су электр стансаларын іске қосу жоспарланып отыр. Саладағы ашықтықты қамтамасыз ету және инвестиция тарту мақсатында Энергетика министрлігі аукциондық сауда-саттық механизмдерін белсенді қолданып жатыр.
Атап айтқанда, 2025 жылы гидроэнергетика жобалары үшін 500 МВт қуат аукционға шығарылды. Қолданыстағы ЖЭК нысандарының, соның ішінде су электр стансаларының ең жоғары шоғырлануы елдің оңтүстік және шығыс өңірлерінде байқалады. Көшбасшы аймақтар қатарында Жамбыл, Алматы және Жетісу облысы бар.
- Жоспарланған СЭС жобаларын іске асыру Қазақстанның энергетикалық теңгерімін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өзендердің табиғи су әлеуетін тиімді пайдалану арқылы шалғай өңірлерді тұрақты «жасыл» энергиямен қамтамасыз етуге жағдай жасайды, - делінген хабарламада.





