Оның айтуынша, елордада жылумен қамтамасыз ету тарифтері орта есеппен шамамен 15 пайызға, ал сумен жабдықтау және су бұру қызметтері 20-25 пайызға өскен.
— Бізде тарифтерді көтерудің нақты жүйесі бар. Мораторий жарияланған үш айды пайдаланып, есеп-қисап жүргізіп, өсімді кезең-кезеңімен бөлдік, - деді Жұманғарин.
Ол Астанада толық тариф енгізілгенін атап өтті. Осындай тәсіл Ақмола облысы мен Ұлытау облысында қолданылады. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де тарифтерді біртіндеп көтеру жоспарланған.





