ЖАҢАЛЫҚТАР
Экономикасын реформалауға қатысты ауқымды жұмыс атқарылып жатыр - Президент

Президент жаңа инвестициялық кезеңді бастауға және азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға ерекше көңіл бөлінетіндігін айтты.
- Осы орайда мемлекет инвестициялық ахуал мен іскерлік ортаны жетілдіруге кірісті. Ұлттық экономиканы дамыту ісінде мемлекеттің ауқымды қаржылық мүмкіндігін жұмылдырумен қатар, ірі инвестиция тартуға тырысамыз. Дегенмен біздің басты байлығымыз – адам. Сол себепті мемлекет адам әлеуетін нығайту бағытында кешенді шара қабылдады. Ұстаздарды, дәрігерлерді, ғалымдар мен инженерлерді, жастарды қолдау тетіктері жаңа деңгейге көтерілді, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғанын тоқталды.
- Бұл шешім қоғамда еңбекқорлық культінің маңызды екенін көрсетеді. Біз жаңа мектептер құрылысына, жоғары білім, ғылым, спорт және креативті индустрия салаларын дамытуға, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін жаңғыртуға қомақты қаржы бөліп отырмыз. Қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру үшін жан-жақты шаралар қабылданды. Былтыр «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы басталып, оған миллиондаған отандасымыз қатысты. Мұның бәрі Әділетті, Таза, Қауіпсіз, Қуатты, Цифрлық Қазақстанды – жауапкершілігі жоғары азаматтардың мемлекетін, мүмкіндіктер мен прогрестер елін құру жолындағы басты бағдар саналады, – деді Мемлекет басшысы.