«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы:2,8 мың жас маман баспанамен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда ауылдық жерлерге білікті мамандарды тарту және тұрақтандыруды көздейтін «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жалғасуда. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы бағдарлама аясында 25 млрд теңге бөлініп, шамамен 2 800 жас маман тұрғын үймен қамтылатын болады.
2009 жылдан бері іске асырылып келе жатқан бағдарлама білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп және жергілікті мемлекеттік басқару салаларын қамтиды.
Әлеуметтік қолдау шаралары:
-
біржолғы көтерме жәрдемақы — 100 АЕК мөлшерінде;
-
тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік несиелер:
▪️ аудан орталықтарында — 2 500 АЕК-ке дейін,
▪️ басқа ауылдық елді мекендерде — 2 000 АЕК-ке дейін.
Несиелер 15 жыл мерзімге беріледі. Міндетті шарт — ауылда кемінде 3 жыл жұмыс істеу.
2023 жылғы 1 сәуірден бастап жобаның операторы ретінде «Отбасы банк» АҚ белгіленді. Өтініш беру және несие рәсімдеу процесі Baspana Market платформасы арқылы толығымен автоматтандырылған: otbasybank.kz/programm-bank
📊 2009–2024 жылдар аралығындағы нәтижелер:
-
114 мыңнан астам маман 23,6 млрд теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алды
-
52 мыңнан астам адам 189,5 млрд теңгеге тұрғын үй несиесін пайдаланды
Қолдауға ие болғандардың құрылымы:
🧑🏫 Көтерме жәрдемақы:
-
Білім беру — 78 мың адам (68,3%)
-
Денсаулық сақтау — 24,4 мың (21,4%)
-
Мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау — 6,9 мың (6%)
-
Ауыл шаруашылығы — 4 мың (3,5%)
-
Ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері — шамамен 900 адам (0,8%)
🏠 Тұрғын үй несиелері:
-
Білім беру — 35,1 мың адам (67,1%)
-
Денсаулық сақтау — 11,6 мың (22,2%)
-
Мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау — 3,4 мың (6,4%)
-
Ауыл шаруашылығы — 1,9 мың (3,6%)
-
Мемлекеттік қызметшілер — 360 адамнан астам (0,7%)
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда тұтынушылық несиелеуге шектеу қойылады
- 02 мамыр, 2025
Алматыда биыл 78 ескі үй сүріледі: 667 тұрғын қоныс аударады
- 02 мамыр, 2025