Бізге жазылыңыз:

CAMCE Қазақстандағы инфрақұрылымға қызығушылық танытты

CAMCE Қазақстандағы инфрақұрылымға қызығушылық танытты

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Қытайдың CAMCE инжиниринг корпорациясының өкілдерімен кездесіп, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерін талқылады.

Қытай делегациясының құрамында корпорацияның вице-президенті Лю Шэнчэн мен Орталық Азия өңірі бойынша бас директоры Хань Сюэли болды.

Кездесу барысында CAMCE өкілдері компанияның халықаралық тәжірибесін таныстырып, әртүрлі елдерде іске асырылған инфрақұрылымдық жобалар, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру нысандарын салу мен жаңғырту бағытындағы жобалары туралы ақпарат берді.

Қазақстан тарапы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған ұлттық бастамаларға тоқталды. Атап айтқанда, Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Кездесуге сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керемқұлов және «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Макка Шынғазиева қатысты.

Кездесу қорытындысында тараптар коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Ұқсас материалдар