Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Виктория Шегай зейнетақы жинағындағы ақшаның жаңа жеткіліктілік мөлшері қашан жарияланатынын айтты.
— Қаулы ресми жарияланғаннан кейін БЖЗҚ жеткіліктілік мөлшерін есептеп, күнтізбедегі 10 күн ішінде жариялау керек. 25 мамырда қаулы шықты деп есептесек, ертең-ақ деген сөз, — деді вице министр Сенат кулуарында.





