
Жоғары аудиторлық палата салық және кеден жүйелеріне жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Үкіметке жаңа Бюджет кодексінде «салықтық әлеует» және «салықтық алшақтық» ұғымдарын бекітуді, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдардың қолдануын регламенттеуді ұсынды. Нәтижесінде бұл ұсынымдар Мемлекет басшысы 2025 жылы 15 наурызда қол қойған жаңа Бюджет кодексіне енді, — делінген хабарламада.Мынадай жаңа ұғымдар енгізілді:
«Салықтық әлеует» — салықтық шығыстар мен қадағаланбайтын экономиканы қоса алғанда, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің ықтимал сомасы;
«Салықтық алшақтық» — салықтық әлеует пен нақты түскен салықтар арасындағы айырма.
Салықтық алшақтық есепті қаржы жылының қорытындысы бойынша Ұлттық статистика бюросының сайтында түпкілікті макроэкономикалық көрсеткіштер (жалпы ішкі өнім, жалпы қосылған құн, бақыланбайтын экономика және т. б.) жарияланғаннан кейін есептеледі. Ол көлеңкелі экономика және жеңілдіктер беру есебінен салықтардың толық түспеуін де қамтиды.
Салықтық алшақтық туралы мәліметтер Салықтық шығыстар туралы талдамалық есепке енгізіледі.