Бізге жазылыңыз:

«Бәйтерек» алаңынан алғашқы зымыран 2026 жылдың 1-тоқсанында ұшырылады

«Бәйтерек» алаңынан алғашқы зымыран 2026 жылдың 1-тоқсанында ұшырылады
Бұл туралы бүгін жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдерімен кездескен Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.- Байқоңырдағы «Бәйтерек» ұшыру алаңын қарқынды түрде дайындап жатырмыз. Бұл біздің – Қазақстанның меншікті ұшыру алаңы. Онда орта және ауыр санаттағы зымыран тасымалдағыштарды ұшыру жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қарқынды дайындық жүргізіліп жатыр, зымыран тасымалдағыш Қазақстан аумағында. Келесі жылдың 1-тоқсанында алғашқы сынақ ұшырылымы жүзеге асырылады деп күтеміз, - деді вице-премьер.
Сонымен қатар ол 2030 жылға дейін аса жеңіл санаттағы зымыран тасымалдағыштарды құрастыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын айтты.

- Ғарышқа тәуелсіз шығу үшін өзіміздің зымыран тасымалдағышымызды әзірлеу мақсатында бұл бағдарламаны кезең-кезеңмен дамытып жатырмыз. Ал бұл ғарыштық державаның белгісі, - деді Жаслан Мәдиев.

Ұқсас материалдар