Бізге жазылыңыз:

Биылғы оқу жылында 93 мыңнан астам білім гранты бөлінді

Биылғы оқу жылында 93 мыңнан астам білім гранты бөлінді
Негізгі қадамдардың бірі тікелей қаржыландырудың едәуір ұлғаюы болды: биылғы оқу жылында 93 мыңнан астам білім гранты бөлінді, бұл бұрынғы көрсеткіштерден 50% артық. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, гранттармен қатар студенттерге материалдық қолдау да күшейтілді. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап бакалавриат студенттер шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттар шәкіртақысының мөлшері 15%-ға көтерілді.

Отбасыларды қолдау үшін «Келешек» жинақ жүйесі және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы сияқты ерте жастан бастап балаға білім беру капиталын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұзақмерзімді жаңа құралдар енгізілді. Сонымен қатар инфрақұрылым мәселесі де шешіліп жатыр. Студенттер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2018 жылдан бері бүкіл республика бойынша 62 мың орынға арналған жаңа 251 студенттер үйі салынды.

Бұл жұмыс Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға, сұранысқа ие кадрларды сапалы даярлауға жағдай жасаумен тікелей байланысты.

– Біз академиялық инфрақұрылымды белсенді дамытып жатырмыз. Президент тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 10 мың төсек-орын пайдалануға беріледі. Биыл 10 мыңнан астам төсек-орынға арналған 29 жатақхана іске қосылады, соның нәтижесінде Алматыдан басқа барлық өңірде жатақхана мәселесі шешілді. Сондай-ақ елімізде Student Residence үлгісі бойынша жайлылығы жоғары заманауи жатақханалар салынып жатыр. 2023 жылдан бастап жастардың әлеуметтік осал санаттарындағы студенттер үшін жатақханада тұру шығындарын өтеуді енгізу өте маңызды қадам болды, - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Биыл мемлекеттік білім гранттары 99 пайызға игерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Ұқсас материалдар