Бізге жазылыңыз:

Биылғы астық қай нарықтарға экспортталады

Биылғы астық қай нарықтарға экспортталады
- 27 млн тонна астық жиналды. Ішкі нарықты нанмен және ұнмен толық қамтамасыз етуге 9 млн тоннасы жұмсалады. Осы көлемді ескере отырып, елдің экспорттық әлеуеті 12-13 млн тонна шамасында болады, - деді А. Сұлтанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, биылғы астықты экспортқа шығару басталды.

- Біздің астықты негізінен Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан алады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жаңа нарықтар ашылды. Осы орайда Африка мен Еуропа елдері бар. Сондай-ақ Грузия, Әзербайжан және Иранға да астық жібердік. Биыл осы нарықтарға өнімді жеткізбекпіз. Жоспарда Оңтүстік Азия елдеріне экспорттау ескерілген. Қазір экспортқа шығаратын компаниялар дайын, - деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан аумағында жалпы 30 млн тонна астықтық сақтай алатын қоймалар бар. Соның 13 млн тоннасы лицензиясы бар элекваторларда сақталады, ал қалғаны шаруашылықтарға тиесілі қоймаларға жеткізіледі.

Ұқсас материалдар