Сонымен қатар оның мәліметінше, техника мен автокомпоненттерді отандық өндірушілерге 140,9 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылған. Қазіргі таңда шығыстар мен түсімдер арасындағы 7,6 млрд теңге айырмасы жаңа маркалы көлік құралдары бойынша өндірушілермен келісімшарттар жасасу кезеңінде тұр. Ал автокомпоненттер бойынша қайтарымға өтінімдер түспеген.
– Үкіметтің №604 қаулысы аясында қайтарымды негізде қаржыландырылатын жобаларға шамамен 125 млрд теңге бағытталды. Бұл қаражат тұрмыстық қатты қалдықтар саласындағы жобаларды іске асыруға, өрттерді ерте анықтау жүйелерін сатып алуға, сондай-ақ экологиялық катаклизмдердің алдын алу және салдарын жою үшін арнайы техника алуға жұмсалды, – деп толықтырды «Жасыл даму» АҚ өкілі.





