Бізге жазылыңыз:

Биыл суармалы жердің көлемі 612 мың гектарға жетеді – министрлік

Биыл суармалы жердің көлемі 612 мың гектарға жетеді – министрлік
Суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру перспективалары суды үнемдейтін суару технологияларын кеңінен қолдануға тығыз байланысты, бұл суды және қоректік заттарды нүктелік жеткізу арқылы су тұтынуды азайтуға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта суарудың заманауи су үнемдеу технологиясын енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр.

1 млн гектар немесе жердің 62% жерүсті әдісімен суарылады, 98 мың гектар немесе 7% — күріш алқаптарына су жайылады, 470 мың гектарда немесе 31%-да — заманауи су үнемдеу технологиясы пайдаланылады.

— Мемлекет басшысының су үнемдеу технологиялары қолданылатын аумақтарды жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл су үнемдеу технологиясын қолдана отырып суармалы жердің көлемі 612 мың гектарға дейін ұлғаяды. Ал 2030 жылға қарай 1 362 мың гектарға жетеді, — делінген жауапта.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша су үнемдеу тәсілдерімен суармалы жер ауданы 100,3 мың гектарға ұлғайды (тамшылатып суару — 43,5 мың гектарға, жаңбырлатып суару — 56,8 мың гектарға), сондай-ақ 57,6 мың гектар жерді лазерлік жоспарлаушы теңестірді.

Нәтижесінде осы жылы су үнемдеу технологиясын қолдана отырып, жыл сайынғы алаңдарды енгізу бойынша көрсеткіш 157,9 мың гектарға жетті.

— Айта кетейік, «Су алу және беруге арналған инфрақұрылымын құру және кеңейту арқылы су үнемдейтін суару технологияларын енгізу» жобасының паспортына өзгеріс енгізілді. Қосымша фермерлерді су үнемдеу технологиясын қолдануға ынталандыру мақсатында өткен жылы фермерлерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялаудың өзгертілген қағидасы күшіне енді. Бұл суару әдісіне байланысты субсидия мөлшерін саралауды және суды есепке алу аспаптарының болуы туралы шартты көздейді, — деп атап өтті министрліктен.

Ұқсас материалдар