- 87 млрд теңгені жалған көрсету мүмкін емес. Түскен қаражатты есептейтін ақпараттық жүйеге төленген ақша, көлік нөмірі сынды барлық ақпарат толық енгізіледі. Сол себепті 87 млрд теңге нақты цифр. Ал биылғы жоспар - 100 млрд теңге. Жалпы, өткен жылы түскен қаражаттың арту себебі жаңадан 1 мың шақырым ақылы жол енгіздік. Биыл 6 нысанды енгізу жоспарда бар, - деді Дархан Иманашев.
Биыл Қарағанды–Балқаш–Бурылбайтал, Бұрылбайтал–Күрті, Ақтөбе–Қандыағаш–Мақат, Талдықорған–Өскемен, Атырау– Астрахань, Меркі–Шу–Бурылбайтал жолдарында ақылы учаскелер енгізілмпек.





