Бізге жазылыңыз:

Биыл 23,7 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Биыл 23,7 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
Мемлекеттік қолдау шараларының, диқандар мен жергілікті әкімшіліктің үйлесімді жұмысының арқасында егіс дер кезінде жүргізілді.

Айта кету керек, биыл егіс жұмыстарын қаржыландыру алғаш рет дала жұмыстарынан алты ай бұрын басталды. Жалпы қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгені құрады.

Диқандардың жеңілдетілген қаржыға қолжетімділігін арттыру мақсатында қарыз сомасының 85%-на дейін кепілдік беру механизмі іске қосылды.

- Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг арқылы алу көлемі 250 млрд теңгені құрады. Бұл машина-трактор паркін жаңартуға және көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық мерзімдерде, жоғары технологиялық тиімділікпен жүргізуге елеулі әсер етті.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдары 23,7 млн гектар жерге орналастырылды, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, егістік алқаптардың құрылымын әртараптандыруға ерекше назар аударылды. Бұл ретте егін айналымының ғылыми негізделген нормалары, климаттық тәуекелдерге төзімділік және нарықтық үрдістер ескерілді.



Ұқсас материалдар