Бізге жазылыңыз:

Білім гранттарының саны бес жылда 40 пайыздан астам өсті

Білім гранттарының саны бес жылда 40 пайыздан астам өсті
Үкімет жастардың сапалы білім алуға қолжетімділігін кеңейту бойынша ауқымды шаралар кешенін жүзеге асырып отыр.
Соңғы бес жылда білім беру гранттарының саны 65,1 мыңнан 93,2 мыңға дейін ұлғайды. Осылайша, мыңдаған жастар жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қосымша арнайы қолдау бағдарламалары іске асырылып жатыр. Жекелеген өңірлердің жастары үшін қосымша гранттар бөлінеді, жергілікті атқарушы органдар, «Қазақстан халқына» қоры, бизнес-қоғамдастық және жоғары оқу орындарының өздері арқылы білім алу мүмкіндіктері ұсынылады.

Үкіметтің хабарлауынша, студенттерге әлеуметтік қолдауды арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары мемлекеттік шәкіртақылардың мөлшері айтарлықтай ұлғайтылды.

— 2020 жылмен салыстырғанда бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы екі есеге өсіп, 26,2 мың теңгеден 52,4 мың теңгеге жетті. Ал педагогикалық мамандықтарда білім алып жүрген студенттердің шәкіртақысы 42 мың теңгеден 84 мың теңгеге дейін көбейді. Осы кезеңде магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,75 есеге артты, — делінген хабарламада. 

Студенттердің оқуына қолайлы жағдай жасау маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Тек 2025 жылы 10 мыңнан астам орынға арналған 30 жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Сонымен қатар мемлекет ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер мен I және II топтағы мүгедектігі бар студенттердің жатақханада тұру шығындарын өтейді.

Ұқсас материалдар