
2025 жылдың шілдесінде бензин мен дизель отынының барлық түрінің бағасы өткен жылдың дәл осы айымен салыстырғанда өсті.
АИ-92 маркалы бензин ел бойынша орта есеппен литріне 214 теңге болды (+5,9%). Ең жоғары баға Жезқазғанда – 220 теңге (+7,3%) және Петропавлда – 219 теңге (+6,8%) тіркелді.
Астанада бұл маркалы бензин литріне 218 теңге (+6,3%), Алматыда – 217 теңге (+5,8%), ал Шымкентте – 204 теңге (+6,8%) сатылды.
АИ-95 және АИ-96 маркалы бензиннің ел бойынша орташа бағасы литріне 267 теңгені құрады (+5,5%). Ең қымбат бензин Алматыда – 277 теңге (+4,6%), Талдықорғанда – 275 теңге (+5,3%) және Петропавлда – 272 теңге (+8,3%) сатылды.
Астанада бұл марканың литрі 271 теңге (+4,6%), ал Шымкентте – 259 теңге (+4%) болды.
АИ-98 маркалы бензиннің орташа бағасы литріне 304 теңгені құрады (+4,1%). Ең жоғары көрсеткіш Алматыда – 321 теңге (+5,9%), Талдықорғанда – 320 теңге (+5,6%) және Астанада – 312 теңге (+5%) тіркелді. Шымкентте баға орташа республикалық деңгейден төмен – 297 теңге (+8%).
Дизель отынының бағасы литріне 314 теңгеге дейін өсті (+7,1%). Астана мен Алматыда ол 314 теңге (+6,4%), ал Шымкентте – 307 теңге (+8,5%) болды.
Елдегі ең қымбат дизель Петропавлда сатылды – 318 теңге (+8,5%), бұл орташа республикалық деңгейден сәл ғана жоғары.