Бектенов заңсыз активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Отырыста бұған дейін қабылданған шешімдердің орындалу қорытындылары қаралып, қайтарылған активтерді басқару компаниясының есебі тыңдалды.
Комиссия мәліметінше, мемлекетке жалпы сомасы 610 млрд теңгеге жуық актив қайтарылған, оның ішінде:
-
506 млрд теңге — ақша қаражаты,
-
103 млрд теңгеден астамы — мүлік.
📌 Арнайы мемлекеттік қордан:
-
білім беру,
-
денсаулық сақтау,
-
спорт,
-
әлеуметтік қамсыздандыру және
-
коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларында
280 әлеуметтік нысанды іске асыруға қаражат бөлінген.
Сонымен қатар, Комиссия активтерді ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісімді мақұлдады. Осы келісімдер аясында қорға қосымша 150 млрд теңге түседі.
Бұдан бөлек, «Мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару туралы» заңға сәйкес, субъектілер Қазақстан экономикасына 10,5 млрд АҚШ долларын инвестициялауға міндеттеме алған.
Сондай-ақ, Комиссия 84 млрд теңгеден астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне алу туралы сотқа талап арыз беруді қолдады.