Банктердегі жеке тұлғалардың депозиттеріне 10 миллион теңге шектеу енгізу ұсынылуда

Сенатта талқыланып жатқан банктер туралы жаңа заң жобасы аясында жеке тұлғалардың базалық лицензиясы бар банктердегі салымдарына 10 миллион теңге көлемінде шектеу енгізу ұсынылды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, бұл шара тек мерзімді және жинақ салымдарына қатысты болмақ. Оның сөзінше, жеке тұлғалар – әлеуметтік тұрғыдан әлсіз клиенттер тобына жатады, ал салымдар – банктердің міндеттемелері болып саналады. Сондықтан реттеуші олардың көлемін шектеуді ұсынып отыр.
Бұл норма заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Сонымен қатар, базалық банктердің кейбір операцияларды жүргізуіне шектеу қою көзделуде. Атап айтқанда, резидент еместерге несие беру, қаржы ұйымдарымен байланысы бар тұлғаларға қарыз ұсыну, сондай-ақ жоғары тәуекелді қаржы құралдарына қатысты брокерлік және дилерлік қызмет көрсетуге тыйым салу жоспарланып отыр.
Базалық лицензия — бұл жеңілдетілген нормативтік талаптармен берілетін лицензия түрі. Ондай банктердің активтері 500 млрд теңгеден аспауы тиіс, ал жарғылық капиталы — кемінде 10 млрд теңге (универсал банктерде бұл көрсеткіш – 20 млрд). Сондай-ақ, тәуекелдерді басқару және есептілік талаптары жеңілдетіледі. Бұл бастама жаңа банктердің нарыққа шығуына мүмкіндік беріп, бәсекелестікті арттыруға бағытталған.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда тұтынушылық несиелеуге шектеу қойылады
- 02 мамыр, 2025
Алматыда биыл 78 ескі үй сүріледі: 667 тұрғын қоныс аударады
- 02 мамыр, 2025