ЖАҢАЛЫҚТАР
Балқаштағы медициналық мекемелерді жаңғыртуға 7,5 млрд теңге бағытталды
Сонымен қатар Балқашта балаларды оңалту орталығы құрылып жатыр. Бұрынғы санаторий ғимаратын қайта жабдықтау үшін 272,1 млн теңге бағытталды. Жоба стационар және амбулаториялық қабылдауды ұйымдастыруды көздейді. Реабилитологтарды, невропатологтарды, логопедтерді және ЕДШ нұсқаушыларын қоса алғанда, тар бейінді мамандардан тұратын көпсалалы команда құрылады. Бұл балаларға облыс орталығына бармай-ақ сапалы оңалтуға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың ақпан айына жоспарланған.Осы жобаларды жүзеге асыру өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттырады. Осылайша, ангиографиялық операциялық бөлімшені іске қосу «алтын сағат» қағидасы негізінде және пациенттердің өмірін сақтай отырып, Балқаш тұрғындарына инфаркт пен инсульт кезінде шұғыл жоғары технологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Оңалту орталығының ашылуы тұрғылықты жері бойынша ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қалпына келтіру емін үздіксіз алуды қамтамасыз етеді.





