Ауыл шаруашылығы қызметкерлерін жалпыға бірдей декларациялаудан босатуы мүмкін

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтарды декларация тапсыру міндетінен босату ұсынылғанын хабарлады. Бірақ бұл тек шетелде мүлкі жоқ тұлғаларға қатысты.
📌 250.00 нысанын тапсырады:
-
шетелде мүлкі бар ҚР азаматтары мен резиденттері;
-
ерікті түрде декларация тапсыруды қалайтындар;
-
сайланбалы және мемлекеттік лауазымға кандидаттар;
-
банк, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығына қатысқысы келетіндер.
📌 270.00 нысанын тапсыру міндетті:
-
мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары;
-
квазимемлекеттік сектор басшылары;
-
коммерциялық ұйымдардың ірі акционерлері (10%-дан жоғары);
-
жеке практикамен айналысатындар;
-
шетелде 1000 АЕК-тен жоғары ақшасы барлар;
-
20 000 АЕК-тен жоғары мүлік сатып алғандар.
🛑 Сонымен қатар, барлық азаматтар табысты жасыру мен мүлікті көрсетпеу фактілеріне қатысты автоматтандырылған бақылаудан өтеді — декларация тапсыру міндетіне қарамастан.