ЖАҢАЛЫҚТАР
Атырау облысында 31 мың гектар игерілмеген жер мемлекет меншігіне қайтарылды

- Мысалы, 137 жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке ауыл шаруашылығы шығындарын өтеуге тиіс болғанымен, 65 млн теңгені уақытылы төлемеген. Прокуратура араласуынан кейін бүгінге дейін 13,8 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді.
Сондай-ақ, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын тексеру кезінде сенімгерлік басқару шарты бұзылғаны анықталды. Соның нәтижесінде, «Атырау Нефтехим» ЖШС-не тиесілі, мақсатына сәйкес игерілмеген, құны 1,6 млрд теңге тұратын 106 гектар жер учаскесі АЭА меншігіне қайтарылды. Серіктестік өз міндеттемелерін орындамағандықтан, АЭА қатысушылары қатарынан шығарылды, - делінген ақпаратта.
Тағы бір жағдайда, ұзаққа созылған сот процестері нәтижесінде, прокурорлық қадағалау актісінің негізінде «Кипрос» ЖШС-не тиесілі, Атырау қаласындағы пирс салуға арналған 3,46 гектар жер мақсатына сәйкес пайдаланылмағаны үшін мемлекетке қайтарылды. Бұл жер телімінің нарықтық құны – 250 млн теңге.
Облыс прокуратурасы жер заңнамасының орындалуын қатаң бақылауда ұстап отыр.