Бізге жазылыңыз:

Атырау қаласында 162 көшеге асфальт салу үшін 28,8 млрд теңге қажет

Атырау қаласында 162 көшеге асфальт салу үшін 28,8 млрд теңге қажет
Атырау қаласында 162 көшеге 67,6 шақырым тасжол керек. Бұл көшелерде асфальт бұрын-соңды болмаған немесе толық қамтылмай қалған.  Әкімдік мәселені шешу мақсатында бір жыл бұрын жобалау жұмыстарына кіріскен.

Шенеуніктердің сөзінше, аталған аумақты тасжолмен қамту бір жылда мүмкін емес. Өйткені, жоба құны 28,8 млрд теңгені құрайды.

Көлік инфрақұрылымын дамыту жобасы «Самал», «Өркен», «Атырау», «Береке», «Мұнайшы», «Жұмыскер», «Өркен» ықшам аудандарын және Еркінқала, Алмалы, Қайыршақты, Дамбы, Атырау ауылдық округтерін қамтиды.

— 67,6 шақырымға жол салу жұмысы үшке бөлініп, 3 мердігер мекемеге тапсырылатын болады. Биыл біз халық көптен сұрап жүрген «Самал» ықшам ауданы бойынша 4,1 шақырымды құрайтын 9 көшеге, Ақсай елді мекеніндегі 5 өткелге жол салу жұмысын бастаймыз. Осы жылы аз дегенде 20 шақырым жолға асфальт салу жұмысына кірісеміз. Жалпы бұл жоба — ауыспалы, яғни, құрылыс жұмысын толықтай аяқтауға 2 жыл уақыт керек, — деді Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмас Сәрсенов.

Ұқсас материалдар