Бізге жазылыңыз:

Астық сақтау қоймалары егін жинау маусымына қаншалықты дайын

Астық сақтау қоймалары егін жинау маусымына қаншалықты дайын
Облыстардың әкімдіктері ұсынған мәліметтерге сәйкес, еліміздегі астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы - 30,9 млн тонна. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында – 13,5 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қоймаларында – 17,4 млн тонна астыққа орын бар. Бұл сақтау сыйымдылығы өткен жылдардағы қалдықтарды ескере отырып, алынған өнімді сақтауға жеткілікті, - деп мәлімдеген министрлік Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауабында.
Qoldau.kz порталының деректері бойынша, қазіргі таңда лицензияланған астық қоймаларының жүктемесі – 3,1 млн тонна (22%), ал бос орын – 10,2 млн тонна. Оның ішінде негізгі астық егетін өңірлер бойынша:

Қостанай облысында жүктеме – 590,9 мың тонна (19%), бос сыйымдылық – 2,4 млн тонна;
Солтүстік Қазақстан облысында жүктеме – 932,5 мың тонна (27%), бос сыйымдылық – 2,4 млн тонна;
Ақмола облысында – 1,2 млн тонна (26%), бос сыйымдылық – 3,3 млн тонна.
— Элеваторлар мен астық қоймаларында орын жетіспеушілігі жоқ. Қолда бар сақтау қуаттары өнімді сақтау үшін жеткілікті, - делінген АШМ хабарламасында.

Ұқсас материалдар