
— Жобалық кестеге сәйкес, құрылыс жұмыстарының негізгі нысандары — «Нұрлы жол» теміржол вокзалы, Астана халықаралық әуежайы, Министрліктер үйі және Республикалық бас мешіт аумағында жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.
Осылайша, құрылыс және инженерлік жұмыстар жоспарға сай жүзеге асырылып келеді. Станция инфрақұрылымын жабдықтау және электрмен қамтамасыз ету жүйелерін дайындау шаралары қолға алынған.
Айта кетейік, Астанадағы жеңіл рельсті көлік желісін сынақ режимінде іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Бұған дейін, Қытайдың Таншань қаласында Астана қаласына арналған LRT вагондарының алғашқы екі құрамы жіберілгенін хабарлағанбыз.