Бізге жазылыңыз:

Астана халықаралық қаржы орталығы жарты жылда 2,6 млрд доллар инвестиция тартқан

Астана халықаралық қаржы орталығы жарты жылда 2,6 млрд доллар инвестиция тартқан

Орталық таратқан ресми мәлімет бойынша қаңтар-маусым аралығында АХҚО-ға 567 жаңа компания тіркелген. Оның ішінде 4 финтех-компания, 5 қызмет көрсетуші (ASP) компания және қаржылық лицензиясы бар 7 компания қосылды. Осылайша орталыққа 85 елден жалпы саны 4030 компания тіркеліп отыр.

— АХҚО экожүйесі арқылы 6 ай ішінде ел экономикасына 2,6 млрд АҚШ доллар инвестиция келді. Жалпы орталық құрылғаннан бері тартылған инвестициялар көлемі 16,9 млрд АҚШ долларынан асты. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында АХҚО-да тіркелген компаниялар мемлекет бюджетіне 70 млрд теңгеден аса көлемде салық төледі, — дейді орталықтың басқарушысы Ренат Бектұров.

Ұқсас материалдар