
Астанада жеке тұрғын үй құрылысына кезекте тұрғандардың жалпы саны 247 795 адам.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің 2024 жылғы 25 қаңтардағы қаулысымен Астана қаласын 2035 жылға дейінгі перспективалық дамытудың Бас жоспары бекітілді.
— Бұл жобаның тұжырымдамасына сәйкес, қала аумағында жеке тұрғын үй құрылысы аумағын дамыту қарастырылмаған, ал қала халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешу тек көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін, оның ішінде әлеуметтік тұрғын үйлерді салу арқылы ғана жүзеге асырылады, — деп түсіндірді редакцияның ресми сауалына ведомстводан.
Айта кетейік, Жер кодексіне сәйкес, әрбір қазақстандық өмірінде бір рет 10 гектар жерді тегін алуға құқылы.