Алтынның жаңа келбеті: Ұлттық Банктің құймалары петроглиф стилінде безендірілген

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) аффинаждалған өлшенген алтын құймалардың (бұдан әрі – өлшенген құймалар) дизайнын жаңартты.
ҚҰБ Өлшенген құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы қосымша инвестиция құралы ретінде іске қосқан болатын. Бағдарлама жүзеге асырылғалы құйма дизайны өзгерген жоқ.
2025 жылы ҚҰБ Қазақстанның мәдени мұрасын айшықтайтын жаңа дизайн тұжырымдамасын енгізеді. 2025 жылдың II тоқсан соңынан бастап петроглифтер тұжырымдамасына негізделген жаңа дизайндағы өлшенген құймалар қолжетімді бола бастайды.
Жаңа дизайн әлемдік жартас сурет өнерінің бірегей ескерткіш көрінісін береді. Кескіндер Қазақстан аумағында осыдан 4 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың дүниетанымы мен тұрмысын бейнелейді. Эксклюзивті дизайнның арқасында өлшенген құймалар тек инвестициялық қана емес, сонымен қатар коллекциялық құндылыққа да ие бола алады.
Өлшенген құймалардың жаңа дизайны
Өлшенген құймалар, бұрынғыдай, бес түрлі нұсқада ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм салмақта.
Естеріңізге сала кетейік, халыққа өлшенген құймаларды сатып алу және қайта сату Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит банкі арқылы, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пункттері арқылы қолжетімді.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда тұтынушылық несиелеуге шектеу қойылады
- 02 мамыр, 2025
Алматыда биыл 78 ескі үй сүріледі: 667 тұрғын қоныс аударады
- 02 мамыр, 2025