Қазақстанда алтынның теңгемен есептелген бағасы қайта төмендеді. Ұлттық банктің мәліметінше, 26 маусымдағы жағдай бойынша 1 грамм алтынның бағасы 62 338,06 теңгені құрады. Бұл – соңғы тоғыз айдағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі.
Бір күн бұрын, 25 маусымда бағалы металлдың бір грамы 63 721,24 теңгеге бағаланған еді. Осылайша, бір тәулікте алтын бағасы 1 383 теңгеге немесе шамамен 2,2%-ға арзандады.
Ай басынан бергі төмендеу одан да айқын байқалады. 1 маусымда 1 грамм алтынның құны 70 708,76 теңге болған. Ал 26 маусымдағы бағамен салыстырғанда айырмашылық 8 370 теңгеден асып, бір айға жетпейтін уақытта алтын шамамен 11,8%-ға арзандады.
Қазіргі баға деңгейі шамамен соңғы 9,5 айдағы минимумға сәйкес келеді. Бұдан төмен көрсеткіш 2025 жылғы 9 қыркүйекте тіркелген болатын. Ол кезде 1 грамм алтын 62 118,04 теңгеден сатылған.
Осы кезеңнен бері алтын бағасы негізінен 63 мың теңгеден жоғары деңгейде сақталып келген. Сондықтан қазіргі төмендеу қысқа мерзімді құбылыс қана емес, соңғы бірнеше айдағы ең елеулі арзандаулардың бірі саналады.





