
2025 жылғы 2 мамырда ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлермен базарларды жаңғырту мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында жер пайдалану, қаржыландыру тапшылығы, әкімшілік кедергілер сияқты жүйелі мәселелер талқыланды. Министр жобалардың жүзеге асырылуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Алматы – ішкі сауданың басты орталығы: 2025 жылдың алғашқы тоқсанында ішкі сауда көлемі 5,1 трлн теңгені құрады. Бұл республика көлемінің 36,2%-ын құрайды.
Қалада 59 базар бар, оның 70%-ы жаңғыртылған. 2025 жылдың соңына дейін тағы 10 нысанда жаңғырту аяқталады. Алайда 6 базарда кедергілер салдарынан жұмыс кестесін бұзу қаупі бар.
Министр 2026 жылдан бастап жаңғыртудан өтпеген базарлар жұмысын тоқтататынын ескертті. Бұл – қауіпсіздік пен цифрлық бақылауға қойылатын заман талабына сай талап.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда тұтынушылық несиелеуге шектеу қойылады
- 02 мамыр, 2025
Алматыда биыл 78 ескі үй сүріледі: 667 тұрғын қоныс аударады
- 02 мамыр, 2025