Алматыда ұзындығы 1704 метр лагман дайындалып, елімізде жаңа рекорд тіркелді

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласының Жетісу ауданында ерекше шара өтті – ұзындығы 1704 метр болатын еліміздегі ең ұзын лагман дайындалды. Бұл көрсеткіш Қазақстан рекордтар кітабына ресми түрде енгізілді.
Шара көпұлтты қоғамдағы достық пен татулықтың жарқын символына айналды. 19 келі ұннан иленген қамырды 50-ден астам адам – аудан тұрғындары мен аспаздар бірігіп дайындады. Түрлі этнос өкілдері бір мақсат жолында жұмыла еңбек етті.
Ұйымдастырушылар бұл шараның тек аспаздық жетістік емес, сонымен қатар халықтар арасындағы ынтымақ пен бірліктің көрінісі екенін атап өтті. Қамырды үзбей ұзын пішінде жасау оңай болмағанымен, қатысушылар бұл міндетті сәтті орындады.
Іс-шара Жетісу ауданының этномәдени бірлестіктері мен тұрғындарының қолдауымен өтті. Дайындалған лагман елдегі ортақ дастарханның, мәдени мұра мен болашаққа деген сенімнің символына айналды.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда тұтынушылық несиелеуге шектеу қойылады
- 02 мамыр, 2025
Алматыда биыл 78 ескі үй сүріледі: 667 тұрғын қоныс аударады
- 02 мамыр, 2025