Бізге жазылыңыз:

Алматыда мемлекетке қайтарылған су қоймалары қайтадан сенімгерлік басқаруға беріледі

Алматыда мемлекетке қайтарылған су қоймалары қайтадан сенімгерлік басқаруға беріледі
Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, сенімгерлік басқарушылар 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындамаған. Атап айтқанда, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеген.

Сондықтан сот тәртібімен Есік көлі бөгеті, Саз Талғар 7, Байсерке 2, Ворошиловское, К 3 қоймалары, келісім негізінде Терен Қара (жоғарғы), Саз Талғар 4, К30/1 су қоймалары қайтарылған.

Су қоймаларының қазіргі жағдайына қатысты жолдаған сауалымызға Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы жауап берді. Ведомство мәліметінше, бұл нысандар қазір «Алматыоблсушар» мекемесінің теңгерімінде. Алайда алдағы уақытта олар қайтадан сенімгерлік басқаруға берілмек.

— Нысандарда ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін және жергілікті бюджетті оңтайландыру мақсатында қаржы басқармасымен конкурс жариялау жоспарланып отыр. Негізі талаптар: 5 жылда бір рет көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу, теңгерім ұстаушының ақау актісі негізінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жаңа 25 жұмыс орнын ашу арқылы көктемгі суару науқаны негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жұмысына кедергі келтірмеу, — делінген басқарма жауабында.

Ұқсас материалдар